Жаңалықтар

13.02.2020
«KMG-Security» ЖШС Басқармасының жаңа мүшесін тағайындау туралы

Жалғыз қатысушы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2020 жылғы 10 ақпандағы шешімімен «KMG-Security» ЖШС Басқармасының мүшесі  Зангир Қалиұлы Мұқатаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Дәл осы шешіммен «KMG-Security» ЖШС Басқармасы үшін  жалпы белгіленген өкілеттік мерзіміне Серіктестік Басқармасының жаңа мүшесі – Қайрат Апрелевич Ордабаев сайланды.

Қайрат Апрелевич Ордабаев

Туған жылы: 10 қазан 1974 жыл

Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған (1996 ж.)

1996-1998 жылдары жеке компанияларда қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі маман болып жұмыс істеді.

1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді қызметін өткерген.

1999-2008 жылдары «Қазтрансойл» АҚ жүйесінде жұмыс істеді: қатардағы экономистен бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы басқармасы аппаратының жоспарлы-экономикалық бөлімінің (Атырау қ.)  бастығына дейінгі экономикалық қызметтің барлық сатыларынан өтті.

2008-2014 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Инженерлік Орталық» филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды (Ақтау қ.).

2014-2017 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке коммерциялық компанияларда өз саласы бойынша басшылық лауазымдарды атқарған.

2017 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың қыркүйегі аралығында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нда әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2019 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациялау және цифрландыру блогында жоба үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 3 желтоқсанда «KMG-Security» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қ.А. Ордабаевтың экономиканың әртүрлі салаларында 22 жылдан астам, оның ішінде мұнай-газ саласында 15 жылдық елеулі жұмыс тәжірибесі бар.

2010-2011 жылдар аралығында «Eni» компаниясы ұйымдастырған модульдік бағдарламалық оқудан өтті. Оқу қорытындысы бойынша «Мұнай бизнесінің магистрі» сертификатын алды.

Жұмыстағы жетістіктері үшін Қ.А. Ордабаев «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның, ҚР Мұнай және газ министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики