Жаңалықтар

25.02.2020
«KMG-Security» ЖШС Жаңаөзен филиалының күзет қызметкерлері тапсырыс беруші ТМҚ-сының ұрлығын ашты

2020 жылғы 14 ақпанда сағат 07:30-да белгісіз тұлғалар «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның МГӨБ-4 аумағынан 56 СКҚ құбырын ұрлады.

Күзет қызметкерлері өзара іс-қимыл жасау тәсіміне сәйкес аталған оқиға жайында жедел түрде «KMG-Security» ЖШС Жаңаөзен филиалының кезекші бөліміне және аумақтық ішкі істер органдарына хабарлап, дер кезінде «Өзенмұнайгаз» АҚ диспетчерлік қызметін хабардар етті.

Келіп түскен ақпаратты өңдеу және іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «KMG-Security» ЖШС Жаңаөзен филиалының учаске (объекті  күзетінің) бастықтары Т.А. Давлетумбетов пен Б.О. Жұмабаев Тапсырыс беруші жұмысшыларынан сұрастырып, ұрланған тауар-материалдық құндылықтарды тасып шықты деп болжанатын  автомашинаны анықтады.

Автокөлік құралын және күдіктілерді іздестіру бойынша жедел іс-қимылдардың нәтижесінде ұрланған 56 дана құбыр Жаңаөзен қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан табылды. Осы қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталып, полиция органдарына тапсырылды.

«KMG-Security» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Т.Б.Тоқаловтың бұйрығымен өз лауазымдық міндеттерін адал орындағаны және тапсырыс берушінің ұрланған мүлкін тапқаны үшін учаске (объекті күзетінің) бастықтары Темирхан Адилханович Давлетумбетов пен Бисенбай Ондаганович Жұмабаевқа ақшалай сыйақы төленіп, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики