Жаңалықтар

08.12.2021
Объектідегі оқу-жаттығу сабағы

2021 жылғы 7 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «KMG-Security» ЖШС күзететін Өндірістік қызмет көрсету базасы (ӨҚБ) объектісінде «Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың (бұдан әрі – ҚЖҚ) белгілері бар затты анықтау»  тақырыбындағы жоспарлы оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

ҚЖҚ-ны анықтау жөніндегі оқу-жаттығуға «KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалының қызметкерлері, тапсырыс берушінің, аумақтық полиция және ТЖ органдарының өкілдері қатысты.

ОЖС-ның мақсаты: жаттығуға қатысушылардың Жезқазған қаласының полиция және төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен ҚЖҚ-ны зиянсыздандыру жөніндегі өзара іс-қимылдарын теориялық және практикалық тұрғыдан пысықтау.

Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында жоспарланған іс-шаралардан бөлек объекті әкімшілігі, ЖМБ ӨҚБ ерікті өрт сөндіру құрылымдарының бөлімшелері, «Медикер - өндірістік медицина»  ЖШС медицина қызметкерлері, Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері, Жезқазған қаласының ТЖБ қызметкерлері және «KMG-Security» ЖШС ҚФ күзет бекетінің жеке құрамы арасындағы өзара іс-қимыл мәселесі пысықталды.

ОЖС қорытындысы бойынша «жақсы» деген баға қойылды

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики