Жаңалықтар

25.04.2022
«KMG-Security» ЖШС бас директорын (басқарма төрағасын) сайлау туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының 2022 жылғы 22 сәуірдегі (№22) шешімімен Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Карбузов «KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) болып сайланды.

Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Карбузов 1959 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген.

1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары Харьков және Мәскеу қалаларында КСРО прокуратурасының қайта даярлау және басшылық кадрлардың біліктілігін арттырудан өткен. АҚШ, Вашингтон қаласы, ФТБ Академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, сондай-ақ Венгрия, Будапешт қаласы, АҚШ Әділет департаментінің өңірлік оқыту орталығында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша курстарда оқыған.

1981-1982 жылдар аралығында Қазақ КСР Жамбыл облысы Шу аудандық атқарушы комитетінің жауапты хатшысы.

1982-1995 жылдар аралығында Қазақ КСР прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының басшылық және аға басшылық құрамында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

1995-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Бас басқармасының бастығы.

1998-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға басшылық құрамында түрлі лауазымдар атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

2013 жыл – «ҚазГЗУ» АҚ-ның С. Зиманов атындағы терең білім беру және қолданбалы ғылымдар Академиясының Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу институтының директоры.

2013 жылдың қазан айынан бастап  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики