Жаңалықтар

2022 жылғы 19-20 қазан аралығында «KMG-Security» ЖШС Күзет қызметін цифрландыру орталығының қызметкерлері Астана қаласының Конгресс-орталығында өткен «Kazakhstan Security Systems» қауіпсіздік жөніндегі халықаралық көрмесіне қатысты.
Іс-шараның форматы көрме және демонстрациялық экспозициялар, сондай-ақ ғылыми-іскерлік бағдарламалар түрінде өтті.
Көрмеге әлемнің 8 елінен – Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан 55 компания қатысты.
Көрме экспозициялары – қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің жаңалықтары: бейнебақылау; периметрді күзету; қолжетімділікті бақылау; киберқауіпсіздік; ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелері; өрт қауіпсіздігі; құқық қорғау органдарын техникалық жарақтандыру; тағы басқалар.
Ғылыми-іскерлік бағдарлама аясында Орталық қызметкерлері Қазақстандағы қауіпсіздік нарығының мамандарымен, мемлекеттік сектордың, күштік ведомстволардың, бейінді қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен 16 пікірталас кездесуін өткізді.
Көрмеге қатысу нәтижелері бойынша 8 компаниямен іскерлік байланыстар орнатылды («Қолданбалы электродинамиканың ғылыми орталығы» АҚ, Санкт-Петербург қ.; «Арнайы инженерлік жабдықтар орталығы» компаниясы, Пенза қ.; «Систематик» ЖШҚ, Мәскеу қ.; «ELING» корпорациясы, Пекин қ.; «Fortinet» ЖШС, Алматы қ.; «РНҚ» ЖШҚ, Нижний Новгород қ.; «Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі», Қарағанды қ.; Астана қаласындағы «АскомМЕТ» ЖШС арқылы өкілдігі бар «Rajant» компаниясы (АҚШ); «ИРЭ «Гранит» Алматы қ.; «TOPOL» ЖШС, Алматы қ.), оның шеңберінде ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында «KMG-Security» ЖШС базасында келесі бағыттар бойынша пилоттық жобаларды талқылау жөніндегі сараптамалық кездесулер өткізу жоспарлануда:
- «Ақылды» бақылау және қауіпсіздік»;
- «Құбыр инфрақұрылымын зияткерлік күзету»;
- «Байланыстың цифрлық жүйесі»;
- «Кен орындарын күзетудің зияткерлік жүйесі»;
- «Күзеттің өндірістік персоналын даярлаудың, қайта даярлаудың және аттестаттаудың зияткерлік жүйесі»;
- «Болашақ күзетшісінің киімжарағы».
«Kazakhstan Security Systems» қауіпсіздік жөніндегі халықаралық көрмесі мемлекеттік сектор, бизнес және ғылыми-өндірістік компаниялар диалогы үшін сұранысқа ие алаңға айналды.