Жаңалықтар

29.10.2022
Күзет ұйымдары жұмыскерлерінің күнімен

Құрметті әріптестер, «KMG-Security» ЖШС басшылығы мен ұжымы атынан кәсіби мереке – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күнімен ең жылы және шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

29 қазан күні кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1952 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Ішкі істер министрлігі органдарының жанынан ведомстводан тыс сыртқы қарауыл күзеті құрылды, одан кейін мемлекеттік емес күзет құрылымдары бөлініп шықты.

Қазақстанның мерекелік күндер тізімінде күзетшілердің кәсіби мерекесінің пайда болуы мемлекеттік және жеке күзет ұйымдарының ел экономикасын дамытуға сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауға қосқан орасан зор үлесінің нәтижесі болды.

Осы айтулы күні сіздерге жұмыстарыңызға табыс, өркендеу, зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

Күзет ұйымдары қауымдастығы өткізген республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «KMG-Security» ЖШС - 1000-нан астам күзетшілер ұйымдары арасындағы номинация бойынша 2022 жылдың үздік жеке күзет ұйымы болып танылды.

Баршаңызды лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Жинақталған кәсіби тәжірибе жаңа жобаларды іске асыруға және алдағы жоспарларды жүзеге асыруға ықпал ете берсін.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики