Жаңалықтар

2022 жылғы 11 қаңтарда «KMG-Security» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалы «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының Шымкент мұнай құбыры басқармасының қорғалатын объектісінің аумағында өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабағын өткізді.
Оқу-жаттығу сабақтарының мақсаттары:
- басшыларды, күзетшілерді, сондай-ақ объект персоналын өрт туындаған кездегі бірлескен іс-қимылдарға оқыту;
- күзетілетін объектіде штаттан тыс жағдай, өрт туындаған кезде теориялық білімді бекіту, практикалық дағдыларды тексеру және пысықтау.
ОЖС-ға ОҚФ күзет қызметкерлері, объектінің жеке бекетінің бастығы, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының ШМҚБ ӘБП ерікті өрт сөндіру құралымына кіретін тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу сабағы жоспарланған сценарийге сәйкес өтті, ескертулер анықталған жоқ.