Жаңалықтар

Материалдық-техникалық базаны жаңғырту бағдарламасы шеңберінде, Серіктестік шарттық міндеттемелерді толыққанды орындауға арналған қызметтік автокөлік паркін жаңартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуде.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап Серіктестік JAC T6 маркалы автомашиналарын сатып алды.
Бұл толық жетекті жүйесі және қажетті опциялар жиынтығы бар орташа өлшемді рамалық пикап, ол қызмет көрсету орындарына кедергісіз өтуді қамтамасыз етуге, тапсырыс берушілердің объектілерінде күзет сапасы мен бақылауын арттыруға мүмкіндік береді.
2023 жылдың бірінші тоқсанында Серіктестік сонымен қатар Niva Legend тобы автомобильдерінің базасында магистральдық құбырлар мен кен орындарының желілік бөлігін патрульдеуге арналған автокөлікті кезең-кезеңімен ауыстыруға кірісті.
Серіктестік өз тапсырыс берушілерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта жұмыс жасауды көздейді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ең күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндігі бар.