Жаңалықтар

21.02.2023
«KMG-Security» ЖШС қызметін цифрландырудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясын және «Жаңару» цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде «KMG-Security» ЖШС-да өзінің «Қызметті цифрландырудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірленіп, бекітілді.

Тұжырымдамада «KMG-Security» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) күзет қызметіне және бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу бойынша пайым айқындалды.

Күзет қызметін цифрландыру - бұл Серіктестік жұмысының жаңа тәсілдері және оның жұмыс істеу тетіктерін толық қайта құруға және Тапсырыс берушілермен өзара іс-қимылға бағытталған үздіксіз процесс.

Барлық роботтандырылған және цифрлық технологияларды кешенді қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесіне біріктіре отырып, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету мен талдауды енгізу оқиғаларға уақтылы ден қоюға және құқық бұзушылықтар мен террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша басқару шешімдерін жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай интеграцияланған ақпараттық-талдау платформасын, үлкен деректерді жинау және талдау жөніндегі аппараттық-бағдарламалық жабдықты құру, бейнебақылауды ұйымдастыру және күзет объектілерінен бейне ағынын беру, алаңдатарлық оқиғаларды, бейнеаналитиканы және басқа да ақпаратты жедел басқару орталығына беру – күзетілетін объектілерді қорғаудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Күнделікті бизнес-процестерді автоматтандыру - қызметкерлердің бір бөлігін күнделікті жұмысынан босатып, олардың әлеуетін тиімдірек арнада пайдалануға, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау үшін ақпаратқа лезде қол жеткізуге басшылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы іске асыру Серіктестіктің күзет қызметтері нарығындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және оның қызметіне цифрлық технологияларды енгізу деңгейін арттырады.

 

 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики