Жаңалықтар

01.03.2023
Жаңаөзен филиалының қызметкерлері республикалық КВН ойындарына қатысты

Серіктестіктің Жаңаөзен филиалының қызметкерлері «Жайдарман-2023» көңілді және тапқырлар клубының ойындарына қатысты.

Бірінші ойын 2023 жылғы 26 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен қаласының 55 жылдығын мерекелеуге арналған облыстық байқау маусымының ашылуында өтті.

«Теңге» Жаңаөзен филиалының командасын күзетшілер Ізбасаров Нұрбек, Базарханов Нұрсұлтан және Оразханов Нұрболат ұсынды. Ойын нәтижелері бойынша команда 2-орын иеленді, команда қатысушыларына ақшалай сертификат табысталды.

Екінші ойын 2023 жылғы 28 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Астана қаласында «Маусымашар-2023» республикалық байқауы маусымының ашылуында өтті, онда команда кеңейтілген құрамда (Жаңаөзен филиалының тағы бір қызметкері – Мәди Шыртановтың қатысуымен) және Жаңаөзен қаласының атынан өнер көрсетті.

Ойын бірнеше кезеңмен өтті, бастапқыда 374 команда тіркелген. Іріктеу турының қорытындысы бойынша «Теңге» командасы «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукеннің қолы қойылған алғыс хат пен сертификат алды, бұл команданың келесі айналымға – КВН ойындарының Премьер Лигасына шыққанын куәландырады.

Біздің Жаңаөзендік әріптестерімізді құттықтаймыз!

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики