Жаңалықтар

31.05.2023
«Жаңа Қазақстан» - мұнай-газ саласындағы қауіпсіздік бағыты бойынша қазақстан-қытай ынтымақтастығының жаңа бағдарлары

«Қытай - Орталық Азия» саммитінің рухын жүзеге асыру, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 23-26 мамыр аралығында «KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ-К. Ж. Карбузовтың Сиань қаласына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Қ-К.Ж. Карбузов ғылыми-практикалық іс-шараға қатысты, онда академиялық қоғамдастық, ҚХР Солтүстік-Батыс университетінің сарапшылары арасында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, сондай-ақ цифрлық инновациялық технологияларды пайдалана отырып, магистральдық құбырларды күзету бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде тікелей диалог өтті. Сонымен қатар, «Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы - тарих және қазіргі заман» атты дәрістің кіріспе курсы – имидждік іс-шара өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «KMG-Security» ЖШС мен Солтүстік-Батыс университетінің «Жібек жолын» зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ екі ұйым арасындағы екіжақты қарым-қатынас шеңберінде, бірлескен бұйрықпен мұнай-газ саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және магистральдық құбырларды қорғауды зерделеу бойынша тепе-тең негізде сараптамалық топ құрылды.

Қ-К.Ж. Карбузовқа оны Солтүстік-Батыс университетінің Орталық Азия институтының беделді қазақстандық сарапшыларының тізіміне енгізу туралы құжат табыс етілді, ал «KMG-Security» ЖШС «Қытай – Орталық Азия» ой-талқы орталықтарының альянсына енгізілді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики