Жаңалықтар

07.06.2023
«Қытай-Орталық Азия» – ой-талқы орталықтарының альянсы-мұнайгаз секторында күзет қызметін қамтамасыз ету саласындағы құрал

2023 жылғы 2 маусымда Сиань қаласында, ҚХР Солтүстік-Батыс университетінің Орталық Азия және Жібек жолы институтында онлайн/офлайн форматта Қытай мен Орталық Азияның сараптау орталықтарының альянсын құру бойынша халықаралық конференция өтті.

Іс-шара Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен, институт директоры Лу Шанбиннің төрағалығымен өтті.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінен келген сараптау ұйымдарының 50-ден астам жетекші шетелдік сарапшылары - Қазақстан Республикасынан «KMG-Security» ЖШС, Қырғызстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты, Қырғызстанның Геосаясат және стратегиялық зерттеулер институты, Тәжікстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты, Өзбекстанның Қоғамдық пікірді зерттеу ұлттық орталығы және т.б. қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Орталық Азия елдерінің спикерлері Альянстың міндеті Орталық Азия елдері мен Қытай зияткерлік және ғылыми топтары арасындағы ғылыми қарым-қатынастардың интерактивті дамуына ықпал ететін «Қытай-Орталық Азия саммиті» рухын іске асыру, сараптау орталықтары арасында сапалы және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа моделін, диалог құру және «Бір белдеу, бір жол» мега жобасы шеңберінде энергетикалық, экономикалық, экологиялық, цифрлық, әлеуметтік, медиа сияқты ғылымның әртүрлі бағыттарындағы біліммен алмасу үшін жаңа платформа құру болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша «KMG-Security» ЖШС басшысы Қ-К.Ж. Карбузов Қытай мен Орталық Азияның сараптау орталықтарының альянсын құру туралы құжатқа қол қойды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики