Жаңалықтар
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» науқанын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде 2024 жылғы 20 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік ұйымдары арасында сенбілік ұйымдастырылды.
«KMG-Security» ЖШС де бұл іс-шарадан тыс қалған жоқ. Серіктестіктің орталық аппаратының қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқа еншілес және тәуелді ұйымдарымен бірлесіп, Астана қаласындағы Президенттік саябақты абаттандыру мен тазалау жұмыстарына белсене қатысты.