Қазіргі таңдағы «KMG-Security»
Қазіргі уақытта «KMG-Security» компаниялар тобы өз клиенттерінің заңды құқығы мен мүдделерінің, кәсіпкерлік пен жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтердің кең спектрін көрсететін көп салалы компания, кәсіпорын.
Жалғыз қатысушы болып «ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы »АҚ табылады.
«KMG-Security» өз қызметінің басты көлемін көмірсутегі шикізатын барлаумен, өндірумен және тасымалдаумен, сонымен қатар мұнай өнімдерін сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен айналысатын ұйымдарға көрсетеді.
«KMG-Security» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен, Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен,тапсырыс берушілердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен тығыз әрекет етеді.
Компания Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары Ассоциациясының құрылтайшысы болып табылады және онымен бірге мемлекеттік емес күзет құрылымдарының жұмыс жасауын реттейтін заңнаманы жетілдірумен айналысуда.
«KMG-Security» компаниялар тобы бөлімшелерінің штатында Қазақстан магистралды құбыр желісінің қауіпсіздігін ұйымдастырып, қамтамасыз ететін, сондай-ақ, күрделілігі әр түрлі 500-ден астам өндірістік және әкімшілік нысандарда күзет-режимдік, өрт сөндіру, апаттан құтқару және басқадай шараларды жүзеге асыратын 7500-ден астам кәсіби қызметкер жұмыс істейді.
«KMG-Security» компаниялар тобының бөлімшелері өз менеджментін, оның сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз етіп, қарқынды жақсартуда.
Компания дамуының перспективалық бағыттары
1. Төмендегілерге бағытталған бизнес-процестерді жақсарту есебіненқызметтер көрсетудің жаңа сапалық деңгейіне көшу:
- тапсырыс берушілердің материалдық және материалдық емес активтеріне криминалдық, террористік, техногендік және табиғи сипаттағы әсер ету қауіптері мен тәуекелдері деңгейінің төмендеуі
- персонал, өндіріс және қоршаған орта үшін дағдарысты жағдай салдарларынан болатын залалды азайту;
- бірегейлендірілген (автоматтандырылған) инженерлік-техникалық жүйелер мен кешендерге адам ресурстарын тиімсіз пайдаланудан көшу жолымен адам факторын азайту және объектілерді күзету сапасын арттыру;
2. HR-басқарудың заманауи механизмдерін қайта қарау және енгізу:
- персоналдың кәсіби және әлеуметтік дамуының, қызметкерлерді ұтымды уәждемелік ынталандырудың тиімді жүйесін құру;
- күзет қызметкерлерінің кәсіби дайындығына қойылатын біліктілік талаптарын енгізу, экономика және IT технологиялар салаларында арнайы білімі мен тәжірибесі бар мамандарды, өндірістік цикл мамандарын жұмысқа тарту;
- күзет ұйымы құрылымының оңтайлы моделін құру, оны атқарымдық қамтамасыз ету;
3. Төмендегілерге бағытталған қауіпсіздіктің ұйымдық құрылымын жетілдіру:
- обеспечения беспрерывности производства за счет повышения эффективности организации охраны, оперативного управления и контроля, экстренного реагирования на кризисные ситуации техногенного и криминального характера;
4. Компанияның имиджін жақсарту және оған клиенттер мен серіктестердің сенімін арттыру
Қызметті ұдайы жетілдіру, бизнестің барлық салаларында серіктестік қарым-қатынасты өрістету, қауіпсіздік нарығындағы жағымды имиджді ұстап тұру «KMG-Security» ЖШС-ның визит карточкасы болып табылады..