Жаңалықтар

14.12.2018
«Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы

2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен, Жаманбаев Мейірхан Сағынбекұлына    заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы ерекше еңбегі мен белсенділігі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы көп жылғы белсенді қызметі үшін  «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағы берілді. 

Мейірхан Сағынбекұлы өз еңбек жолын 1970 жылы өзі туып-өскен Жамбыл облысында слесарь оқушысы мамандығынан бастап, кейіннен автобаза жүргізушісі болып жалғастырды. 1974 жылы әскерден кейін Жамбыл облыстық атқару комитеті ІІБ учаскелік милиция инспекторы лауазымына қабылданды.

Үлгілі жұмысы  үшін оны көп ұзамай аға учаскелік инспектор етіп тағайындайды. Жас милиционердің еңбегі бағаланып, Мейірхан Жаманбаев 1976 жылы Қазақ КСР-ның ең үздік учаскелік инспекторы, ал екі жылдан кейін Кеңес Одағының ең үздік учаскелік инспекторы деп танылады.

1981 жылға дейін Зауыт аудандық ішкі істер бөлімі Социалистік меншікті ұрлауға қарсы күрес бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етті.

М.С. Жаманбаев Қылмыстық іздестіру басқармасының, кейіннен Жамбыл облыстық Криминалдық милиция басқармасының бастығы болып еңбек ете жүріп, күш-жігері мен уақытының басым бөлігін қылмыстық іздестіру қызметіне арнады.

2000 жылдан бастап оған облыстық полиция департаменттерін басқару сеніп тапсырылды. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының, Батыс КІІБ-нің, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының ішкі істер департаменттерінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2006 жылы 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.

 «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, азаматтардың ұзақ жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеттері, дарындылығы мен бастамаларын қоғамның мойындағанын білдіру болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруды, олардың Жамбыл облысының (қаланың, ауданның)  экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики