Жаңалықтар

03.05.2019
«KMG-Security» ЖШС әйелдер командасы волейбол ойынынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ арасында 3 орынды иеленді

2019 жылғы 2 мамырда Нұр-сұлтан қаласында әйелдер арасында волейболдан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес тәуелді ұйымдары арасындағы спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті.

Ойынға «KMG-Security» ЖШС атынан:

  • Аманжолова Марина Амангелдіқызы (бас бухгалтер), команда капитаны;
  • Құтжанова Құралай Әкімқызы (аға бухгалтер);
  • Ағымбаева Гүлжанат Аманқызы (аға бухгалтер);
  • Башкенова Меруерт Қабиденқызы (аға бухгалтер);
  • Шуменова Жанар Қамысбайқызы (аға бухгалтер);
  • Құрымбаева Сәуле Қамбарқызы (аға бухгалтер;
  • Сыддықова Сәуле Әбдіжаббарқызы (күзетші);
  • Оспанова Сәуле Рысқұлбекқызы (диспетчер) қатысты.

Өздерінің шағын тобында қатысушыларымыз «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС, ҚазМұнайГаз-сервис сынды елеулі қарсыластармен сайысқа түсті.

Ұйымшылдықтың, үйлесімді ойынның және жоғары командалық рухтың арқасында әріптестеріміз жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Серіктестіктің бас бухгалтері Марина Амангелдіқызы Аманжолова «Үздік либеро» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. (Либероның негізгі міндеттері қарсыластың шабуылдаушы соққысын қабылдау, блоктан ыршуларды және лақтыруларды алу болып табылады).

«KMG-Security» ЖШС басшылығы мен ұжымы Серіктестік Орталық бухгалтериясы мен Астана қаласы бойынша АКБ қызметкерлерін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды.  

Спорт жарысына белсенді қатысқандарыңыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіріп, денсаулық тілейміз, алдағы уақытта да табыстан табысқа жете беріңіздер!  

ГРАМОТА

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики