Жаңалықтар

16.09.2019
«Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС қызметкерлерін кәсіпқойлығы, сүбелі еңбегі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ дамуына қосқан үлесі және шағын футболдан «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында 3-орын алғаны үшін марапаттау

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдығына орай «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Жаңаөзен филиалының 7 қызметкері Бас директор Э.О.Усеевтің бұйрығымен кәсіпқойлығы, сүбелі еңбегі және Компания дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Бұған қоса, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 2019 жылғы 2 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның спартакиадасына қатысып,  онда Жаңаөзен филиалының шағын футбол командасы бірінші аймақтық іріктеу турынан өтті. Осыған орай 2019 жылы 7-8 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында өткен суперфиналға шақырылып,онда  3-орынды иеленді.  

Бұл Спартакиада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында корпоративтік мәдениетті дамыту және еңбек ұжымдарында үйлесімді өзара байланысты нығайту мақсатында өткізіледі.

                                                                                                                      

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики