Жаңалықтар

25.10.2019
«Қазақстан Республикасы күзет ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің есеп беру жиналысы

2019 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында «ҚР күзет ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Аталған іс-шараға Қауымдастықтың артықшылық берілген мүшесі болып табылатын «KMG-Security» ЖШС өкілдері шақырылды.

Есепті кезеңде Қауымдастықтың құрамына 12 ұйым қабылданып, бірлестіктен 3 ұйым шығарылды. Қазіргі уақытта ҚРКҰҚ құрамында 67 ұйым бар, оның 36-сы артықшылықты, 22-сі толық құқықты және 9-ы қауымдастырылған ұйым.

Қауымдастық мүшелері арасында 62-сі күзет қызметімен, 4-еуі күзет техникалық құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оған қызмет көрсетумен айналысады, 1-еуі жеке күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшілерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы болып табылады.

Отырыс барысында ағымдағы жылы Ішкі істер министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары қауымдастығының алғаш рет жылдың үздік күзет ұйымы конкурсын өткізгендігі аталды.  

Өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша  «KMG-Security» ЖШС ұлттық компаниялар құрған жеке күзет ұйымдары арасында «2019 жылдың үздік жеке күзет ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Жалпы жиналыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдармен, бірінші кезекте ІІМ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға, күзет қызметі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, сондай-ақ жеке құрамды терроризмге қарсы іс-қимыл шараларына және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

  

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики