Жаңалықтар

09.12.2019
«KMG-Security» ЖШС үздік маманы» конкурсы

2019 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Семсер» мамандандырылған оқу орталығының базасында жыл сайынғы «KMG-Security» ЖШС үздік маманы» конкурсы өткізілді.  

Кәсіби шеберлікті арттыру, авариясыз жұмыстың тәжірибелік дағдыларын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестік басшылығы осы жылы конкурсты қызметкерлердің жекелеген санаты – жұмылдырылған топ жүргізушілері арасында өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Конкурстың ақтық кезеңіне Серіктестіктің әрбір филиалынан аймақтық жарыстарда жеңіске ие болған 22 қызметкер қатысты.

Конкурс жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері бойынша теориялық білімдерін, сондай-ақ автокөлікпен жұмыс істеудегі практикалық дағдыларын тексеруді, жүргізушінің қозғалысты бастар алдындағы іс-қимылының реттілігін, негізгі тораптар мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттілігін тексеруді, ақауларды анықтауды қоса алғандағы бірнеше пән бойынша өткізілді.

Конкурстың қорытынды кезеңінде Серіктестіктің бас директоры (Басқарма төрағасы) Т.Б. Тоқалов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға кәсіби жетістіктер тіледі, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын үнемі сақтаудың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті.

Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы төленіп, 1, 2 және 3-дәрежелі дипломдар табысталды, атап айтқанда:

Байсалбаев Серикбай Боранбаевич

водитель МГ Павлодарского филиала – диплом 1-ой степени.

                                       

Аскаров Багдат Жаканович

водитель МГ Алматинского филиала – диплом 2-ой степени.

Сыздыков Ерболат Оразович

водитель МГ Карагандинского филиала – диплом 3-ей степени.

   

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики