Жаңалықтар

28.05.2021
«Күзетші күнделігі» мобильді қосымшасын әзірлеу және енгізу

«KMG-Security» ЖШС-ның IT-мамандары бекет персоналының жұмыс уақытын бақылау және жұмысын бағалаудың «Электрондық күнделік» меншікті автоматтандырылған жүйесін әзірлеп, енгізді.

Бұл Android құрылғысына орнатылатын және күзетілетін объектілерді қашықтықтан мониторингілеуге және әрбір күзетшінің жұмысы туралы ақпарат жинау автоматтандырылған процесіне арналған мамандандырылған мобильді қосымша (бағдарламалық жасақтама).

Аталған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу еңбек шығындарының уақытын қысқартуға және Серіктестік басшы құрамы мен кадр қызметінің төмендегілер бойынша міндеттерді орындаумен байланысты жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған:

  • қызметкерлердің нақты жұмыс істеген сағаттары туралы мәліметтерді жинау;
  • құқық бұзушылықтары бар қызметкерлер туралы мәліметтер жинау;
  • жұмыс уақыты мен жылжу табелін толтыру;
  • есептілікті толтыру және т. б.

Негізгі артықшылықтар:

  • деректерді дер кезінде толтыру және лезде хабар алмасу (қызметкерлердің пікірлері, шағымдары, ұсыныстары);
  • жұмыс істеген сағаттарды дәл белгілеу және күзетшінің жұмысын толық бақылау;
  • есептерді қалыптастыру мен ОА-ға тапсыру уақытын азайту;
  • супервайзерлердің ағымдағы жұмысын көруге тікелей қол жеткізу:
  • күзетшілердің құқық бұзушылық көрсеткіштерін талдау;
  • жұмыс есептерін өз бетінше жүктеу.

Қазіргі уақытта бағдарламалық қамтамасыз ету авторлық құқықтарды тіркеу рәсімінен өтуде, сондай-ақ күзетшілерге арналған осы қосымшаны пайдалану тәртібін енгізу және түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики