Жаңалықтар

16.11.2021
Күзет қызметтерін көрсету мен террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге арналған жаңа лицензия

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 405-VI ҚРЗ Заңына сәйкес жеке күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді.

Заңда террористік тұрғыдан осал объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке күзет ұйымдарының жұмыс тәжірибесінің, жабдықтары мен автокөлік құралдарының жеткілікті санының болуы және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылған.

2021 жылғы 13 қазанда «KMG-Security» ЖШС алғашқылардың бірі болып күзет қызметімен айналысуға лицензияны қайта ресімдеу рәсімінен сәтті өтті және уәкілетті мемлекеттік органның барлық біліктілік талаптарына, оның ішінде күзет қызметтерін көрсету мен террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге сәйкестігін толық растады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики