Жаңалықтар

10.11.2023
«KMG-Security» ЖШС және «HXZA» күзет компаниясы (ҚХР) ынтымақтастықты дамытуға дайын

Ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде қытайлық «HXZA» күзет компаниясының бас директоры Инь Вэйхун мырза және IT жөніндегі директор Ли Цюань мырза «KMG-Security» ЖШС басшылығының шақыруы бойынша 2023 жылғы 6-11 қараша аралығында Қазақстан Республикасына жауап сапарын жүзеге асырды.

Келу бағдарламасына сәйкес, қонақтар үшін Серіктестіктің қызметі туралы таныстыру презентациясы өткізілді, жұмыстың негізгі тұжырымдамалық бағыттары мен одан әрі даму перспективалары белгіленді.

Қауіпсіздік жүйесін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және бірлескен пилоттық жобаны әзірлеу туралы мәселені қарау мақсатында мұнай-газ кешенінің жекелеген объектілерін физикалық қорғау ұйымымен танысу үшін Маңғыстау өңіріне шығу жүзеге асырылды.

Серіктестіктің бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ.-К.Ж. Карбузов Макао қаласында (ҚХР) штаб-пәтері бар қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі компаниялардың халықаралық альянсын, яғни мемлекеттік емес қауіпсіздік индустриясы көшбасшыларының аса ірі бірлестігін құру жөніндегі өзі ұсынған бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Қытайлық «HXZA» компаниясының басшылығына Қазақстанға сапары, екіжақты кездесуге белсенді қатысқаны және күзет қызметін жетілдіру және заманауи автоматтандырылған инженерлік-техникалық қауіпсіздік жүйелерін енгізу бойынша сындарлы ұсыныстар енгізгені үшін алғысын білдірді.

Еліміздің басшылығы ҚХР-мен халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін және мұндай бірлескен кездесулер мен жобалар көрші мемлекеттер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Серіктестік күзететін магистральдық құбырлар мен сыни инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы қарар қабылданды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики