Жаңалықтар

14.12.2023
Макаода қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі Халықаралық компаниялар Альянсының форумы өтті

2023 жылдың қараша айының соңында Макао қаласында (ҚХР) қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі компаниялардың Халықаралық Альянсының форумы өтті.

Форумға шақырылған мүшелер мен қонақтар қатарына әлемнің ең ірі 100 жеке күзет компанияларының рейтингіне кіретін 30 елден 47 компанияның, күзет қызметіне жасанды интеллект пен роботтық кешендерді енгізу бойынша техникалық шешімдер әзірлейтін 8 технологиялық компанияның, сақтандыру және тәуекелдерді басқару жөніндегі мамандардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ, азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік қызметтерінің әлеуетті клиенттері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты - Альянсқа мүше компаниялардың бүкіл әлем бойынша күрделі жағдайларда қауіпсіздік пен тәуекелдерді басқару саласындағы бірлескен шешімдерді бірлесіп әзірлеуіне және ілгерілетуіне ықпал ететін іскерлік ынтымақтастықты нығайту.

Форумға қатысушылар кең форматта күзет қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ғылыми-практикалық іс-шараға Қазақстан Республикасынан «KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ-К.Ж. Карбузов қатысты, ол Қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі компаниялардың халықаралық альянсының вице-президенті болып сайланды.

Өз сөзінде Қ-К.Ж. Карбузов Альянс қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді:

- Альянс мүшелері арасындағы екіжақты және көпжақты іскерлік байланыстардың әлеуетін кеңейту;

-Альянстың ақпараттық-талдамалық порталын құру, онда қауіпсіздік және дағдарыстық жағдайларды басқару саласында ақпаратпен және озық тәжірибемен алмасуға болады;

- Альянстың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу, онда құрамдас іс-шаралардың бірі – «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының объектілерінде күзет қызметіне жасанды интеллектті енгізуді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін «Жібек жолын цифрлық қорғау-2025» тұжырымдамасын әзірлеу;

- цифрлық трансформация жағдайында халықаралық стандарттарға сәйкес күзет компанияларының қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлауда тәжірибе алмасу.

Форум қорытындысы бойынша ірі жеке күзет ұйымдары арасында мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы шешім қабылданды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики