Жаңалықтар

07.03.2024
Олар әріптестерінің өмірін сақтап қалды

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қордың Басқарма Төрағасының төрағалығымен 2023 жылы өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызмет нәтижелері бойынша портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қорытынды кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында портфельдік компаниялардың қызметкерлерін, оның ішінде «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерін уақтылы көрсеткен медициналық көмегі және әріптестерінің құтқарылған өмірі үшін марапаттау рәсімі өтті.

Осыған байланысты марапатталған қызметкерлердің еңбегін сипаттайтын есепті бейнеролик дайындалды. Бұл бейнеролик дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерудің маңыздылығы мен пайдасының айқын үлгісін көрсетеді.

Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері - бұл оқиға орнында зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге көмектесетін қарапайым және әркімге қажет білім. Алғашқы медициналық көмек туралы білімді жәбірленушінің өзі қолдануы керек жағдайлар бар. Статистикаға сәйкес, оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда уақтылы және білікті алғашқы көмек көрсетілген жағдайда қаза табатындардың 90%-ы тірі қалуы мүмкін еді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики