Тарих

«KMG-Security» ЖШС (бұрынғы «Semser Security», «Семсер») компаниялар тобы күзет қызметі субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының күзет қызметі нарығында 2000 жылдан бастап қызмет көрсетуде және мұнайгаз саласы нысандарының кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Компания 2000 жылы Қазақстанның үздік мұнайгаз кәсіпорындарының бастамасы бойынша құрылды, бұл еліміздің мұнайгаз секторының қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігімен және маңыздылығымен шартталған болатын әрі одан кейінгі кезде компания қызметінің басты бағытына айналды (26.09.2001 ж. №1240 ҚРҮҚ).

2001 жыл - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1240 қаулысымен мұнай газ секторы объектілерінің және осы салада қызмет ететін заңды және жеке тұлғалардың кешенді қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылған «Семсер» жабық акционерлік қоғамына (ЖАҚ) жүктелді.

2002 жыл - Қазақстан Республикасының 11 (он бір) облысында «Семсер» ЖАҚ филиалдары ашылды.

2005 жыл - «Семсер» ЖАҚ «Семсер» акционерлік қоғамына (АҚ) қайта құрылды, 100% акционері ретінде «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі" АҚ болып табылды.

2006 жыл - еншілес кәсіпорыны — «Семсер — Өрт сөңдіруші" ЖШС құрылды, «Семсер» АҚ салалық өртке қарсы қызметінің құқықтық иеленушісі болып табылады.

2007 жыл - мұнай газ секторы қауіпсіздігінің мәселесі жоғары маңыздылық дәрежесіне ие болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - Семсердің Жалғыз акционері болып табылды.

2008 жыл - «Семсер» АҚ «Semser Security» ЖШС қайта құрылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Жалғыз қатысушысы болып табылады.

2014 жыл - «Semser-Security» ЖШС-ның фирмалық атауы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына қатыстылығы ескеріле отырып Жалғыз қатысушының 2014-шешімімен «KMG-Security» ЖШС деп өзгертілді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
МунайТас
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
АО "Интергаз Центральная Азия"
AGP
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «Казахстанско-Китайский трубопровод»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
сайт статистики